Соңғы тәулікте Маңғыстау облысында коронавирус сырқатынан 185 адам емделіп шықты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
6 қыркүйектен бастап бүгінгі күнге дейін 1778 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта стационарларда 313 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте 123 адамнан коронавирус анықталды. Өкінішке қарай, 5 адам қайтыс болды.