Соңғы тәулікте Маңғыстау облысында коронавирус сырқатынан 225 адам емделіп шықты.
30 тамыздан бастап бүгінгі күнге дейін 1819 маңғыстаулық сырқатынан жазылып шықты.
Қазіргі уақытта стационарларда 525 науқас емделіп жатыр. Өткен тәулікте 209 адамнан коронавирус анықталды. Өкінішке қарай, 5 адам қайтыс болды.