Маңғыстауда «қызыл» статусы бар 1 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Маңғыстау ауданының тұрғыны Ж.Таласбаеваға ҚР ӘҚБт-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша үйде оқшаулану тәртібін бұзғаны үшін әкімшілік хаттама толтырылды. Санкция бойынша 87 510тг-30 АЕК айыппұл қарастырылған.
Маңғыстау облысы санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің хабарлауынша, азаматша Covid-19 індетіне қарсы тест тапсырған. ПТР тесті оң нәтиже берген. Дегенмен азаматша қоғамдық орындарға барып, "ASHYQ" қосымшасымен жұмыс істейтін нысандағы қызметтерді пайдалануға тырысқан.
Осыған байланысты санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті үй карантиніндегі адамдарды оқшаулау шарттарын қатаң сақтауға шақырады.