Жаңаөзенде мониторингтік топ кезекті түнгі рейдке шығып, "Ақсұлу" мейрамханасында өтіп жатқан үйлену тойды тоқтатты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Мейрамхананың иесі карантиндік талаптарды орындамай үйлену тойын өткізуге тапсырыс алған. Мониторингілік топ мүшелеріне мейрамхананың әкімшісі қарсылық білдіріп, есікті ашпады, сондықтан ТЖ қызметкерлері жұмылдырылып, нысанның есігі бұзып ашылды. Тойға келушілер сол сәтте тарады, ал, жеке кәсіпкердің үстінен әкімшілік хаттама толтырылды, делінген қала әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Мониторингілік топ мүшелері қала, ауыл халқын карантиндік талаптарға бағынып, отбасылық шаралардан бас тартуға шақырады, өйткені санитарлық—эпидемиялық ахуал өте күрделі, коронавирустық инфекциямен ауырып жатқандар саны күн санап артып келеді.