© Көрнекі сурет
Ақтауда мониторингтік топ кеше «Tangiers Lounge» кафе-барының жасырын жұмысын жалғастыра бергенін анықтады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Карантин талаптарын сақтап отырмыз» деген кафе-барының әкімшісі ертесіне мониторингтік топтың баратынын білмесе керек. Алайда, мониторингтік топ адамдарды таратып, кәсіпкерге тиісті Акт толтырылды.
Құрметті кәсіпкерлер! Өтірік айтып, аурудың өршуіне себепкер болмаңыздар, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.