Бүгін ауыл әкімдерінің сайлауында Ақшұқыр ауылының тұрғындары өз таңдауларын жасады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Таңғы 7:00-ден бастап сайлау учаскелеріне келгендердің қатары көп. Олардың қатарындаАқшұқыр ауылдық дәрігерлік амбулаториясының қызметкерлері де бар.
Ақшұқыр ауылы әкімін сайлауға барған амбулаторияның аға дәрігері Айгүл Көптілеуова сайлаудың мерекелік көңіл-күйде өтіп жатқанын айтты.
- Ең алдымен, учаскелерден дәрігер ретінде көргендерімді айтып өтсем. Учаскеде санитарлық талаптар мен карантин талаптары қатаң сақталған. Дауыс берушілердің арасында арақашықтық сақталған, комиссия мүшелері мен бақылаушылар және сенімді өкілдер бетпердемен жұмыс істеп жатыр. Біз де ауыл тұрғындарымен бірге ұжым болып дауыс бердік. Ауылдастарымды сайлаудың өз деңгейінде өтуіне атсалысуға шақырамын, - дейді амбулаторияның аға дәрігері.