Жақында "Жаңару" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Оралбай Әбдікәрімұлының қатысуымен онлайн форматта кеңейтілген семинар өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жиынға өңір басшысы Серікбай Трұмов, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали, «Жаңару" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының төрағасы Дайрабай Үсіпбаев және қоғам белсенділері, депутаттар, студенттер, үкіметтік емес ұйым мүшелері қатысты.
Семинарда Департамент басшысының бірінші орынбасары Қуаныш Мырзағали қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мақсатындағы бірқатар жобалардың үкіметтік емес ұйымдар және қоғам өкілдерімен бірлесіп жүзеге асып жатқанын атап өтті.
Сондай-ақ, семинарда Қуаныш Бүркітұлы Департаменттің атқарған жұмыстарының нәтижелерімен бөлісіп, қоғамда парасаттылық құндылықтарын қалыптастыруда үкіметтік емес ұйымдар мен қоғам белсенділерінің еңбегі зор екенін айтты.
Сонымен бірге, онлайн жиында Дайрабай Мамашұлы «Жаңару" сыбайлас жемқорлыққа қарсы жалпыұлттық қозғалыс республикалық қоғамдық бірлестігінің Маңғыстау облыстық филиалының осы кезге дейін атқарған жұмысына тоқталды.
Айта кетейік, жиында үкіметтік емес ұйым басшылары мен қоғам белсенділері ой-пікірлерін білдіріп, ұсыныстарын ортаға салды.