Маңғыстау облысының әкімі С. Трұмов Т. Хитуовтың өмірден өтуіне байланысты туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
21 шілдесі күні мемлекет және қоғам қайраткері, ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты Тарас Киікбайұлы Хитуов дүниеден өтті.
«Бұл суыт хабарды күйзеліспен қабылдадым. Тарас Киікбайұлы мемлекеттік қызметте шыңдалып, Маңғыстау өңірінің дамуына өлшеусіз үлес қосты. Облыс экономикасының күре тамыры - мұнай өнеркәсібінің әлеуметтік саласында абыройлы еңбек етті. Мемлекеттің заңнамалық базасын жетілдіруге бар күш жігерін жұмсады. Маңғыстау жұртшылығы атынан марқұмның отбасына, ағайын туыстарына қайғыра көңіл айтамын. Асыл азаматымыздың жаны пейіште шалқысын», - деді С.Трұмов.