Маңғыстау облысы аумағында «STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізіліп жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Шараның алғашқы екі күнінде Маңғыстау облысы Полиция департаменті Криминалдық полиция басқармасының, сондай-ақ қала, аудан полиция бөліністерінің қарқынды түрде жұмыстар жүргізілуде. Іс-шараларды жүргізу барысында шетел азаматының еңбекпен қанау мақсатында заңсыз жұмыс жасау, жезөкшелікпен айналысу сияқты бірнеше деректер анықталды.
Статистикаға сүйенсек, ҚР ҚК-нің 394-бабы 1-бөлігімен 2 дерек, 309-бабы 2-бөлігімен 3 дерек, ал ҚР ҚК 126 бабы 3 бөлігі 1 – дерек тіркелді. ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабына сәйкес, яғни қоғамдық орнында тиісу бойынша 25 құқық бұзушылық, «Қазақстан Республикасында тiркеусiз не жеке басты куәландыратын құжаттарсыз тұру» ҚР ӘҚБтК-нің 492-бабы бойынша 10 дерек, ҚР ӘҚБтК-нің 450-бабы «Көрінеу жезөкшелікпен айналысу немесе жеңгетайлық үшін үй-жайлар ұсыну» бойынша 3 дерек анықталды.
Сонымен қатар, 48 адам жезөкше санаты бойынша есепке қойылды.
«STOP-трафик» жедел-профилактикалық іс-шарасы 18 маусымға дейін жалғасады.