Жуырда Нұр-Сұлтан қаласында Мемлекеттік қызмет істері Агенттігі Төрағасының 2021 жылға арналған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Өзгерістерді өзіңнен баста» кіші бағдарламасын іске асыру шеңберінде» ұйымдастырылған «Үздік әдеп жөніндегі уәкіл» республикалық байқауы аяқталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Республикалық байқауда өңірімізден қатысқан Жаңаөзен қаласы әкімі аппаратының әдеп жөніндегі уәкілі функциясы жүктелген тұлға, Жаңаөзен қаласының әкімінің орынбасары Ізғалиев Берік 3-орынға ие болды.
Конкурстың ең басты критерийлері - азаматтарға тұрақты негізде консультация беру, олардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру, үкіметтік емес сектормен бірлескен іс-шаралар ұйымдастыру, профилактикалық шараларды жүзеге асыру және этикалық құқық бұзышылықтарға жол бермеу.
Әдеп жөніндегі уәкіл институтын нығайту арқылы, мемлекеттік органдарға деген халықтың сенімінің өсуіне, мемлекеттік қызметтегі өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға қолжеткізе аламыз.