Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай Ақтауда тұрғын үйлердің нөмірлерін жарықтандыру жұмыстары басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Алғашқы жарықтандыру 30 шағынауданда орналасқан нөмірі 30-шы үйден басталды.
Мамаевтар отбасы бұл үйде 2007 жылдан бері тұрады. Қасиетті шаңырақта 4 егіз дүниеге келген. Тәуелсіздікке арналған тартуды көпбалалы отбасы қуанышпен қарсы алды.
«Мен үшін бүгін қуанышты күн. Елімізде Тәуелсіздікке орай керемет шаралар ұйымдастырылып жатыр екен. Осыған орай, біз жанұямызбен Ақтаудағы осы 30 шағынаудан 30 үйдің тұрғыны болғанымызды бақыт деп санаймыз. Бүгін үйімде 30 саны жарқырады. Күніміз ешқашан сөнбесін. Еліміз, жұртымыз аман болсын. Қаламыз көркейе берсін”, - дейді отанасы Сарсенбибі Құрманбаева.
Жарықтандыру жұмыстары кәсіпкерлердің демеушілігімен жасалып жатыр.