«Луара» қоғамдық қоры Ақтау қаласы әкімдігінің қолдауымен «Теңіз барлығы үшін-2021» ІІІ жазғы маусымы ашылды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қонақтар ерекше балалар мен жастарға арналған қолжетімді жағажайда жазды қызықты өткізуді тіледі. №3 "Күн сәулесі" арнаулы әлеуметтік қызметтер орталығының және "Луара" би студиясының тәрбиеленушілері би билеп, жағажайда түрлі қызықты суреттер салды.
Сонымен қатар, ашық аспан астында балалар психологы мен арт-терапия бойынша суретшілер шеберлік класстарын өткізді. Жағажайда балалармен бірге Маңғыстау облысының еріктілер корпусы және "ABELIA" клубының еріктілері болды. Олар балалармен бірге көңіл көтеріп, жақсы көңіл-күй сыйлады.