Әзербайжан елінің бас консулы облыстық сайлау комиссиясының ұжымымен кездесті.
Кездесуде ауыл әкімдерін сайлау қалай өтетіні сөз болды. Сондай-ақ, екіжақты тәжірибе алмасу мәселесі де айтылды. Кездесубарысында бас консул Әзірбайжан елінің тарихи жәдігерлері туралы сыр шертетін кітапты комиссия ұжымына табыстады.
Эльмар Маммадов - Ақтаудағы Әзербайжан Республикасы бас консулдығының басшысы:
Сайлау комиссиясының ұжымына рахмет айтқым келеді. Осы кездесу арқылы комиссия жұмысымен таныстым. Әрі бұл біздің достық қарым-қатынасымызды нығайтады деп есептеймін. Алдағы уақытта ортақ іс атқарып, қолдау көрсетуге дайынбыз.