Ақтауда ХҚО-ларда клиенттерді қабылдау Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады, де хабарлайды mangystaumedia.kz.
14 маусымнан бастап бас мемлекеттік санитар дәрігердің (11.06.2021 жылғы №27) қаулысына сәйкес Ақтау қаласындағы ХҚО-ларда клиенттерді қабылдау Ashyq қосымшасы арқылы жүзеге асырылады. Қосымшаны App Store және Google play-ден жүктеуге болады. Сондай-ақ Ashyq қызметі @kaspi.kz , Homebank @halykbank.kz және eGov mobile қосымшалары арқылы да қолжетімді. Санитарлық талаптарды сақтауды ұмытпаңыз! Бетперде тағып, әлеуметтік қашықтықты сақтаңыз, санитайзерлерді қолданыңыз, делінген баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.