2020 жылы 30 желтоқсанда «Техникалық реттеу туралы» ҚР жаңа редакциядағы Заңы қабылданды, Заң осы жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді. Бұл туралы Қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингіде Техникалық реттеу және метрология комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департамент басшысы Арман Бисембаев айтты.
Жаңа Заңның негізгі мақсаты – өнімнің қауіпсіздігі, оның сапасының сәйкестігі, нормативтік кұжаттардың талаптары тұрғысынан тұрғындардың, яғни тұтынушылардың мүдделерін қорғау және басқа субъектілердің сәйкестігін растаушы органдардың қызметін бақылау.
«Техникалық реттеу туралы» жаңа редакцияда қабылданған Заң екі негізгі міндетті шешуге бағытталған: нарықта тәртіп орнату және отандық тауар өнідірушілердің бәсекелестік артықшылықтарын іске асыру, олар мынадай тәсілдермен шешілетін болады:
1. Мемлекеттік бақылау кезінде жедел ден қою тетігін қалыптастыру.
Мемлекеттік бақылауға тауарды өткізушілері емес (сатушылар) тауардың өзі жатады. Өнім үлгілерін іріктеу рәсімін жетілдіру. Қауіпті өнімді өткізуге тыйым салу және алып қою сияқты шаралар енгізіледі. Зертханалық сынақтар нәтижелеріне сәйкес келмейтін өнімдер алынып тасталады. Ал анықталған бұзушылықтар жойылғанға дейін өнімді сатуға тыйым салынады.
2. Сертификаттау органдары мен зертханаларға, қызметкерлерге бақылауды күшейту.
3. Қазақстан Республикасында стандарттау жүйесін дамыту. Импортты алмастыру үшін халықты қауіпсіз өнімдермен қамтамасыз ету.
4. Сәйкестікті бағалау бойынша электрондық құжаттарға көшу: сертификаттау (е-сертификаттау), аккредиттеу (е-аккредиттеу), қауіпті өнімдер тізілімін жетілдіру. Бақылау-қадағалау қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету үшін халыққа қолжетімді тізілімді бірыңғай тұғырнамада қалыптастыру.