Бүгін оқу жылының аяқталуына орай өткізген жаңаөзендік түлектердің карантин жағдайында топтасып жиналған видеосы әлеуметтік желілерде кеңінен тарап кетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Осыған орай МО Полиция департаменті "соңғы қоңырау" күніне байланысты полиция күшейтілген қызмет көрсету режиміне көшкенін айтты. Сонымен қатар, полиция департаменті түлектердің ата-аналарына кәмелетке толмаған балалар үшін жауапкершілік туралы ескертеді және осы күні мектеп оқушыларын қадағалауды күшейтуге шақырады.
Жастардың топтасып жиналуына байланысты редакция сұрағына СЭС-тің баспасөз қызметі бұл оқиғаны мониторингтік топ өкілдері анықтап, СЭС қызметіне жолдау керегін айтты.