23 мамыр таңғы сағат 3.30-да желдің қатты әсерінен 30 шағынаудан 169 тұрғын үйдің бір қабырғасының қаптамасы құлады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Салдарынан газ құбырына зақым келіп, пәтерлердің салқындатқыш құралдары бекіткіштен босап кеткен. Зардап шеккендер жоқ.
Қазіргі таңда оқиға орнында қала әкімінің орынбасары С.Гусман мен әкімдікке қарасты тиісті жауапты бөлімдер және төтенше жағдайлар басқармасы, ОСИ бірлескен тобы жұмыс істеп жатыр. “ҚазТрансГазАймақ” АҚ қауіптің алдын алу мақсатында уақытша газ беруді тоқтатты. Жағдай сейілгеннен кейін құбырлар тексерістен өтіп көгілдір отын қайта берілетін болады, делінген Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.
Қоқыстарды “Ақбота” МКК жұмысшылары арнайы техникасымен тазалап жатыр. Түстен кейін тиісті мамандармен қабырғаның қалған ажырап тұрған бөліктері сүріліп, ақаулар бойынша мәлімдеме жасақталады.
Тұрғын үйді толығымен қайта қалпына келтіру жұмыстары қала әкімдігінің бақылауында болмақ.