Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Ақтау қаласындағы «Ақбота» саябағында кеңес беру шарасы өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жастардың жұмысқа орналасуына жәрдем беру, психологиялық және медициналық көмек көрсету, тұрғын үй, жұмыспен қамту және кәсіпкерлік мәселелері бойынша жан-жақты ақпарат берілді. Шара барысында Ақтау қалалық халықты жұмыспен қамту орталығы, Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры, Халыққа қызмет көрсету орталығы, Маңғыстау облысы «Отбасы банкі», №1 Ақтау қалалық емханасы мен «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының мамандары қала тұрғындарына тегін кеңес берді.
«Кеңес алаңы» жобасы аясындағы шара пандемияға байланысты онлайн өтті. Қажетті мәліметтер тікелей эфир және бейнесюжеттер арқылы көпшілікке ұсынылды. Дегенмен бүгін қала тұрғындары кезекте тұрмай бір мезетте түрлі саланың мамандарынан кеңес алу мүмкіндігіне ие болды»,- деді Маңғыстау облысы жастар ресурстық орталығының бөлім басшысы Айсұлу Азамат.
Айта кетейік, Маңғыстау облысының жастар ресурстық орталығында бастау алған «Кеңес алаңы» жобасы арқылы осы күнге дейін 1 000-ға жуық қала тұрғыны тегін кеңес алды.