Бұл туралы МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев қоғамдық коммуникация орталығында өткен брифингте мәлімдеді.
Науқас санының көбеюіне және халықтың жаппай сатып алуына байланысты дәріханаларда қызуды түсіретін, вирусқа қарсы дәрілер мен антибиотиктер және дене қызуын өлшейтін құралдар тапшылығы байқалды. Тіпті кейбірі мүлде жоқ. Мұндай жағдай еліміздің барлық өңірінде орын алып отыр. Ринат Кубатаевтың айтуынша осы аптада аталған дәрі-дәрмектер облыс дәріханаларына келу керек.
«Жалпы Маңғыстауда дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ететін ірі 4 көтерме қойма бар. Оның үшеуі алматылық компания, біреуі жергілікті мекемеге қарасты. «Қазір «Эмити» компаниясының басшыларымен келісілді. Алдағы 1-2 күнде сұранысқа ие, қажетті деген дәрі-дәрмек өңірге жолданады. Ал, «Медсервис» мекемесі ертең бір көлікке тиелген медициналық препаратты Алматыдан Ақтауға жібереді. «Инкар» компаниясы болса бейсенбі, жұма күндері әуе борты арқылы жібереді. Осылайша осы аптада қажетті дәрі-дәрмек облыстағы дәріханаларда сатылымға түседі деп күтіп отырмыз. Жалпы шетелден келетін дәрілер фармацевтикалық дестрибьюторлардың мәліметтері бойынша шекарада тұр. Дәрілік заттар кеденнен және қауіпсіздік бағасынан өткені туралы сертификатын алғаннан кейін облыстық дәріханаларға таратылады», деді МО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасын бақылау департаменті басшысының орынбасары Ринат Кубатаев.
«Дәрілер қоймаға түскен соң, оның қандай дәріханаларға жіберілгенін БАҚ арқылы қосымша хабарлап отырамыз», деді Ринат Кубатаев.