Бұл туралы МО қоғамдық коммуникация қызметінің, баспасөз орталығында өткен брифингте облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева мәлімдеді.
Бүгінгі күні облыс бойынша коронавирус инфекциясымен 830 адам тіркелген. Оның ішінде 462 адам емделді. Симптомсыз түрімен - 456 адам. Оның ішінде 192 адам жазылды.
Ақтау қаласындағы жұқпалы аурулар стационарында - 70 адам. Оның ішінде 4 адам – өте ауыр халде. Бейнеу аудандық жұқпалы аурулар стационарында – 14 адам. Жаңаөзен қаласында – 27 адам. Маңғыстау ауданының Шетпе ауылында-3 адам. Түпқараған ауданының КВИ астында орналасқан стационарында -1 адам.
Облыс бойынша пневмониямен 663 адам тіркелген. Ақтау қаласында - 301 адам. Жаңаөзен қаласында -156 адам. Бейнеу - 111 адам.
Соңғы 2 аптада вирустық пневмония диагнозы бар науқастар саны өсуде. Тиісінше, науқастар қалалар мен аудандарында орналасқан провизорлық стационарларға жатқызылды.
* Ақтау қаласындағы провизорлық стационар облыстық туберкулезге қарсы диспансердің базасында 100 науқасқа арналып ұйымдастырылған.
* 1 ш / а психикалық денсаулық орталығы ғимаратының базасында 100 кереуеттік провизорлық стационар ашылды.
* Қосымша 150 орынға арналған провизорлық стационар МО аурухана базасында ашылды.
* МО ауруханасы базасында 15 кереует, қазір 100% толтырылған.
* Психикалық денсаулық орталығы ғимаратының базасында жансақтау бөлімшесінде 9 орын ашылып, 100% толтырылған.
Қазіргі уақытта сырқаттанушылар санының өсуіне байланысты, 1 ш/а теннис орталығының базасында провизорлық стационарды ашу бойынша жұмылдыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Маңғыстау облысының әкімдігі мен денсаулық сақтау басқармасы бұл бағытта бірлесе жұмыс істеуде. 150 орынға арналған провизорлық стационардың ашылуы бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ләззат Есенғалиеваның айтуынша облыста дәрігерлер, медбикелер, санитарлар жетіспеушілік мәселесі бар. Бұған облыстық денсаулық сақтау саласында медицина қызметкерлерінің сырқаттануы себеп болып отыр. Дәрігердің жұмылдыруы бойынша барлық іс-шаралар жүргізілуде.
Аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде, егер сізде дене қызуы, тамақтың ауруы немесе жөтел белгілері болса бастаса дереу учаскелік дәрігеріңізге хабарласыңыз. Содан соң сізге мобильді бригада немесе жедел-жәрдем көмегі барады. Сіздің жағдайыңызды көргеннен кейін дәрігерлер ауруханаға жатқызу немесе үйде емделу мәселесін шешеді.
"Әлеуметтік жағынан аз қамтылған азаматтарға, қант диабетімен, жоғары қан қысымымен, жүрек қан-тамыры сырқатымен есепте тұрғандарға үйде емдеу кезінде дәрі-дәрмектер тегін беріледі", деп атап өтті Ләззат Есенғалиева.
Брифинг соңында МО денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ләззат Есенғалиева барлық тұрғындарды қоғамдық орындарға бармауға, көшеге тек қажет болған жағдайда шығуға, антисептикалық құралдарды қолданып, қолды жиі жууға, үнемі маска мен қолғап киіп жүруге кеңес берді.