Құрметті достар, әріптестер!
Бүгінгі 23 маусым - Мемлекеттік қызметшілер күнімен және полиция қызметкерлерін кәсіби мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Полиция – елдің қорғаны ретінде халқымыздың қауіпсіздігі мен тыныштығын күзетіп, күндіз-түні қызмет ететін жауапты мамандық иесі. Бұл саланы таңдаған әрбір азамат тұрғындардың амандығы үшін және қоғамдық тәртіптің кепілі ретінде кез-келген қиындыққа қарамастан аянбай еңбек етіп келеді. Қызмет барысында қауіп-қатерге басын тігіп, батылдық танытқан тіпті, батырлықпен қаза тапқан қаһармандарымыздың ерлігі ел есінде.
Мемлекеттік қызмет – халықтың сенімін ақтау, ұлтымыздың абыройын асыру жолындағы жауапты қызмет. Өз еліңе қызмет ету – түсіне білгенге зор бақыт, мерейлі мәртебе!
Мемлекеттік қызметті атқару - терең білім мен тәжірибесі мол маман болуын қажет етеді. Болашағын осы саламен байланыстырған әрбір азамат өзіне жүктелген жауапкершілікті сезініп, адалдық, әдептілік, қарапайымдылық қағидаттарын берік ұстанып, халықтың сеніміне ие болу тиіс.
Құрметті әріптестер!
Маңғыстау халқының атынан еңбектеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық тілеймін! Абыройларыңыз арта берсін!
Құрметпен, Маңғыстау облысының әкімі С.Трұмов