Жыл басынан бері Қазақстанның Қызыл кітабына енген, сирек кездесетін құстар мен жануарлар жыл бойы шоғырланған жерлерде, Қызылсай мемлекеттік табиғи саябағы аумағында камералық қақпандар 17 мыңға жуық суретке түсірген. Өткен жылы олардың саны мыңға жетпейтін еді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
38 «UOVision GREEN-30» камералары үстірт арқарының, қарақұйрықтардың, лашын бүркіттерінің, дала мысықтарының, дала қырандарының, сирек кездесетін ақ қасқырды түсірген.
Қызылсай мемлекеттік өңірлік табиғи саябағының қорықтарында алғаш рет камералар 2021 жылы қойылды.
«Камера бір жарым ай бойы аң мен құстарды түсіреді, содан кейін қызметкерлер аккумуляторларды ауыстырады, түсірілген суреттерді компьютерге жүктейді және қорықтар аумағында камераларды қайта орнатады», - дейді «Қызылсай» ММ директоры Мыңберген Қаратауов.
Естеріңізге сала кетейік, «Қызылсай» саябағына «Тасорпа», «Манашы», «Жабайұшқан», «Адамтас» мемлекеттік табиғи қорықтары мен «Қызылсай» саябағы кіреді. Қорықтың жалпы ауданы 785 мың гектардан асады.