• Қаз
  • Qaz
  • Рус

Mańǵystaý Media

16+
  • Қаз
  • Qaz
  • Рус

Жұма, 4 Қазан 2024

Қосымшалар

Редакция
Жарнама бөлімі
  • Басты бет
  • Жаңалықтар
    • Қазақстан жаңалықтары
    • Маңғыстау жаңалықтары
    • Әлем жаңалықтары
  • Саясат
    • Тағайындау
  • Экономика
  • Қоғам
    • Мәдениет
    • Құқық
    • Спорт
    • Денсаулық
    • Ауыл өмірі
  • Фото
  • Аудан тынысы
    • Қарақия
    • Мұнайлы
    • Маңғыстау
    • Бейнеу
    • Түпқараған
  • Хабарландыру
  • Жарнама
  • Комплаенс
Газеттер
«Маңғыстау» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Огни Мангистау» газеті

Басылым: Орыс тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Жаңаөзен» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Аққетік арайы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

«Жаңа өмір» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1973 жылы Маңғыстау облысының өз алдына шаңырақ көтеруіне байланысты сол жылдың 13 сәуірінде «Коммунистік жол» («Маңғыстау») газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Толығырақ

«Мұнайлы» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Огни Мангистау» – орыс тіліндегі облыстық газет. Бірінші нөмірі 1967 жылғы шілдеде «Огни Мангышлака» деген атпен Шевченко қалалық газеті болып шықты. 1992 жылдың тамызынан бастап қазіргі атауымен шығып келеді.

Толығырақ

«Рауан» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

1990 жылы 1 қаңтарда «Жаңаөзен» газетінің алғашқы саны оқырманға жол тартты. Негізінен, газет 1970 жылы жарық көрген «Жаңарған Маңғыстау» газетінен бастау алады.

Толығырақ

«Қарақия» газеті

Басылым: Қазақ тілінде

«Ақкетік арайы» газеті – 85 жылдық тарихы бар басылым. Түпқараған ауданына қарасты бұл газет қоғамдық-саяси апталық басылымға жатады.

Толығырақ

Маңызды

Міндетті әлеуметтік сақтандырудың артықшылықтары қандай?...

    «Ақтауым-ару, әз мекен!»: Ақтауда теңіз жағасында шаһардың 60 жылдығына орай мерекелік концерт өтті

    [ 2023 ] 17 қыркүйек, 10:09  |  Маңғыстау жаңалықтары

    Ақтауда 16 қыркүйек күні қаланың 60 жылдығына орай Маңғыстаудан шыққан өнер жұлдыздарының қатысуымен мерекелік концерт өтті. «Ақтауым-ару, әз мекен!» атты мерекелік кеште Ұлықпан Жолдасов бастаған әншілер өнер көрсетті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    Мерекелік кеште Ұлықпан Жолдасов шәкірттерімен бірге танымал туындыларын орындады. Атап айтқанда, «Алтынай», «Шаттығым», «Шағала», «Маңғыстау» әнін шырқады. Шара барысында Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали сөз сөйлеп, қала тұрғындары мен қонақтарын мерейтоймен құттықтады.

    -Құрметті Ақтау қаласының тұрғындары мен қонақтары! Ақмаржан қала Ақтаудың 60 жылдық мерейтойы құтты болсын! Осы жылдар ішінде Ақтау дамудың елеулі кезеңдерін бастан өткізді. Ұлт мұрасымен, ел тарихымен біте қайнасқан шаһарда жыл өткен сайын жаңа шағын аудандар мен көрікті ғимараттар салынуда. Бұл мерейтой – баршамызға ортақ. Өзінің еңбегімен, белсенді азаматтық позициясымен шаһардың дамуына үлес қосып жүрген қала тұрғындарына алғыс айтамын. Шаһардың өсіп-өркендеуі жолында жасаған еңбегіміз үлкен жетістіктерге жетелейтініне сенемін. Сіздерді шаһардың айтулы мерейтойымен құттықтай отырып, Ақтау қуаныш, мейірім мен ынтымақтың ордасы болып қала берсін дегім келеді. Осы мерейлі мерейтойда отбасыларыңызға амандық, зор денсаулық, толағай табыс тілеймін! Еліміздің өркендеу жолында шаһарымыз көркейіп, әлеуеті арта берсін! Ақмаржан қала Ақтаудың 60 жылдық мерейтойы құтты болсын!, - деді Ақтау қаласы әкімінің орынбасары Нұртас Сали.

    Мерекелік концертте Ғаділбек Жаңай «Ханшайым», Абай Бегей «Үрбибі», «Сағынғаным болмаса», Нұрмұхаммед Жақып «Сенің көзің», «Самая самая» әнін шырқап, халыққа керемет көңіл-күй сыйлады. Ал Фарида Жолдасова «Жайна» және «Неге солай» туындысын DJ Dake сүйемелдеуімен орындады. Сазгер Ұлықпан Жолдасов мерекелік концерт қаланың 60 жылдығына тарту екендігін жеткізді.

    -Маңғыстауымнан жырақта жүргеніме 26 жыл болды. Осы жылдар ішінде Ақтау қаласы көркейіп, гүлденіп кетті. Әр ән сапарымда ақмаржан қала Ақтауымды мақтанышпен айтып жүремін. Бұл концерт Ақтаудың 60 жылдығына арналады. Шаһарымыздың мерейлі мерейтойы құтты болсын, - деді әнші Ұлықпан Жолдасов.

    Сонымен қатар, мәдени шарада сазгердің жұлдызды жобалары «Каспий», «Заман», «Диета KZ», «Самал», «JL» және «Дауыс KZ» тобы өнер көрсетті.

    Әдемі кеш мерекелік отшашумен аяқталды. Концертті 30 мыңға жуық тұрғын тамашалады.

    -Концерт жоғары деңгейде өтті. Барша қала тұрғындарын Ақтаудың 60 жылдығымен құттықтаймын! Қаламыз көркейіп, дами берсін. Еліміз аман болсын!, - деді қала тұрғыны Альфия Бердімұратова.

    612
    Желіде бөлісу: Facebook Twitter ВКонтакте WhatsApp Mail.ru Telegram
    Image placeholder

    Маңғыстау Медиа

    Редакциялық пікір мақала авторлары мен оқырмандардың пікірлеріне сәйкес келмеуі мүмкін. Жазба және пікірлердегі ақпараттың дұрыстығы үшін авторлардың өздері жауапты.

    Алдыңғы жаңалық

    Ақтауға – 60 жыл: «Kazakh Tourism» ҰК» АҚ мереке аясында мектеп оқушыларына саяхат ұйымдастырды

    Келесі жаңалық

    Ақтауда шетелдік дипломаттар сенбілік жасады

    Пікірлер


      Пікір қалдыру үшін жүйеге кіріңіз.
      Жүйеге кіру

      Ұқсас жазбалар

      Рубрикалар

        МұнайлыӘдебиетҚарақияМаңғыстау жаңалықтарыЖаңалықтарТүпқарағанЭкономикаӘлем жаңалықтарыАудан тынысы

      Автордың басқа да жазбалары

      Дуальды оқыту: Әлемдік тәжірибе

      4 қыркүйек, 17:12
      1855

      "Маңғыстау өңіріндегі мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған инклюзивті қауіпсіздік клубын ашу мүмкіндігі"

      4 қыркүйек, 17:10
      4441

      Жаңашыл педагог

      4 қыркүйек, 17:08
      1812

      Ұлттық ойындардың тәрбиелік маңызы

      4 қыркүйек, 17:05
      1821

      «Қазақ газ өңдеу зауытының» директоры 65 млн теңге жымқырды деп күдікке ілінді

      22 тамыз, 17:32
      2968

      Қазақстандықтардың 53,1 пайызы АЭС идеясын қолдайды – сауалнама

      22 тамыз, 16:57
      2999

      Жарнама берушілерге

      Құрметті жарнама берушілер! Редакция жарнама және басқа да ақылы негізде жарияланатын материалдар қабылдауға әзір. Біз сіздер үшін ең тиімді шарттарды ұсына аламыз. Жарнамалық-ақпараттық қызмет қазақ және орыс тілдерінде көрсетіледі. Сондай-ақ сіздер үшін басқа да қолайлы жеңілдіктер қарастырылған.

      Правила сайта ©

      Любое использование материалов допускается только при соблюдении правил перепечатки и при наличии гиперссылки на mangystaumedia.kz.

      Новости, аналитика, прогнозы и другие материалы, представленные на данном сайте, не являются офертой или рекомендацией к покупке или продаже каких-либо активов.

      Mańǵystaý Media

      Мангистау Медиа благодарит своих партнёров и читателей за постоянную поддержку и доверие. Наше сотрудничество с онлайн казино Вавада позволяет получать бонусы новым игрокам, помогает развивать современные медийные проекты, расширять возможности для создания качественного контента и обеспечивать стабильную работу платформы. Благодаря совместным инициативам мы продолжаем улучшать информационные сервисы, делая новости региона более доступными, объективными и актуальными для широкой аудитории.

      Редакция

      • Редакция туралы
      • Редакция газеттері
      • Редакция ұжымы
      • Байланыс мәліметтері

      Статистика сайта:

      Сопровождение сайта Mediana

      Copyright © Все права защищены | ТОО «Маңғыстау Медиа»