Медициналық зертхана–талдау арқылы адам бойындағы аурулар мен инфекцияларды анықтайтын орын. Әр науқас өзін мазалаған дертті анықтау үшін алдымен зертхана қызметіне жүгінері белгілі. Алайда, зертхана жұмысы қарапайым адамдарға белгісіз, зертхананың лицензиясы бола ма, талдау жұмыстары талапқа сай ма, құпиялық сақтала ма, деген сауалдарға ЖИТС-тың алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың зертхана меңгерушісі Ольга Таласбаева жауап беріп, зертхана жұмысы жайында толыққанды айтты.
-Біздегі медициналық зертхана–орталықтың құрылымдық бөлімшесі,-деді ол.-20.12.2012 жылғы 20 желтоқсандағы № 1190-1943-01 ГП Жарғысының негізінде, патогенділігі 3-топ № KZ12VMY00004422 және патогенділігі 4-топ № KZ12VMY00004419 27.01.2020 патогендік биологиялық агенттермен жұмыс істеуге рұқсаты бар, Маңғыстау облысы денсаулық сақтау басқармасының 2013 25 қаңтардағы №00436ДЭ лицензиясы бойынша жұмыс атқарады. Медициналық зертханада ҚР СТ ИСО 15189-2015 «Медициналық зертханалар. Сапа мен біліктілікке қойылатын талаптар» талаптарына сәйкестігіне Медициналық зертхананың KZ.M.13.2283 аккредиттеу аттестаты да бар. Зертхананың практикалық қызметінің негізгі бағыты–Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 27 қарашадағы № ҚР ДСМ-211/2020 «АИТВ инфекциясының болуына міндетті құпия медициналық тексеру жүргізу қағидаларын бекіту туралы» және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 25 қарашадағы ҚР ДСМ-204/2020 «АИТВ-ның профилактикасы саласында қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде АИТВ – инфекциялар бойынша ерікті анонимді және (немесе) құпия медициналық тексеру және консультация беру үшін» Қағидаларды бекіту туралы бұйрықтарына сәйкес тексерілуге жататын пациенттерді АИТВ инфекциясына диагностикалау.
Ольга Гендьевна келтірген мәліметке сүйенсек, 2023 жылғы 7 айда 89099 адам зертханалық тексеруден өтіп, олардың 47-сі анықталып, расталды. 2022 жылдың осы кезеңінде 83380 адам тексеріліп, 57-сі анықталып, расталған.
-Екінші бағыт, бірақ кем дегенде, АИТВ-мен өмір сүретін адамдардың жағдайын және емдеуді зертханалық бақылау,-деді О.Таласбаева.-Осы мақсатта зертхана АИТВ инфекциясына вирустық жүктемені, иммундық жағдайды, биохимиялық көрсеткіштерді, гематологиялық зерттеулерді және жалпы зәр анализін, В және С вирустық гепатиттерін иммуноферменттік талдау арқылы анықтайды. Егер нәтиже оң болса, полимеразаны қолдану арқылы қосымша зерттеулер жүргізіледі. Бүгінгі таңда диспансерде жылына кемінде екі рет скринингтік тексеруден өтетін АИТВ-мен өмір сүретін 375 адам бар. Үшінші бағыты – ИФТ және ПТР әдістерін қолдану арқылы халықтың осал топтарын, яғни, жыныс қызметкерлері, инъекциялық препараттарды қолданушыларды В және С вирусты гепатиттеріне, мерезге, трихомониаз, гонорея, хламидиоз, микоплазмоз сияқта жыныстық жолмен берілетін инфекцияларға тексеру, қарапайым вирустық герпес және цитомегаловирус тексеру, бұл зерттеулерден басқа, мейірімді кеңсенің клиенттері үшін гематологиялық, биохимиялық зерттеулер, зәр анализі және жағынды микроскопиясы жүргізіледі.
Төртінші бағыт – Қазақстан Республикасында халықтың осал топтары арасында АИТВ инфекциясына күзетші эпидемиологиялық қадағалаудың серологиялық кезеңін жүргізу. 2023 жылдың мамыр-маусым айларында секс-жұмыскерлер арасында күзетші эпидемиологиялық қадағалау өткізілді. 100 адам қатысты, оның ішінде АИТВ инфекциясы -0, 5 - вирусты гепатит С, 32 - мерез оң нәтижелермен тіркелді. Осы бағыттарды жүзеге асыру үшін зертхана білікті мамандармен, қажетті үй-жайлар кешенімен, заманауи құрал-жабдықтармен, реагенттермен және шығын материалдарымен жабдықталған. Зертхананың негізгі мақсаты–зерттеу нәтижелерін сапалы және уақытылы шығару. АИТВ инфекциясының нәтижелері биоматериал түскен күні немесе екінші күні шығарылады. Вирустық гепатитке нәтиже шығарылғанға дейінгі күндердің орташа саны - 2 күн, ПТР зерттеулері 2 күн, клиникалық және биохимиялық зерттеулер, ЖЗТ, жағынды микроскопиясы, иммундық статусты анықтау биоматериал алынған күні беріледі. Зерттеу нәтижелерінің сапасы жыл сайын сертификаттармен расталады. Бұлар–EQAS (BioRad, АҚШ); ФСВОК (Мәскеу, Ресей). Талдауға дейінгі зертханалық кезеңге – зерттеуге тағайындаудан бастап үлгіні зертханаға жеткізуге дейін көп көңіл бөлінеді. Әртүрлі көздерден алынған статистикалық мәліметтерге сәйкес, зертханалық зерттеулер нәтижелеріндегі қателердің 70%-ы преаналитикалық кезеңдегі жұмыс ережелерін бұзудың нәтижесі болып табылады.
Әлбетте, кейде зертханалардан кететін қателердың де кездесіп қалатыны жасырын емес.
-Өкінішке орай, барлық қателерді зертханада сынама алу сатысында анықтау мүмкін емес,-дейді маман.-Преаналитикалық қателер теріс екені белгілі пациентке оң нәтиже беруге әкелуі немесе керісінше болуы мүмкін және мұндай жағдайлар біздің медициналық ұйымдарда тіркеліп анықталды. Осындай қателіктердің алдын алу үшін 2023 жылы біздің мамандар медициналық ұйымдардың мамандары арасында 32 оқыту семинарларын ұйымдастырып, 728 медицина мамандарын оқытты. Жұмыстың барлық кезеңдерінің сақталуын қатаң қадағалау қауіпсіз еңбек жағдайларын сақтай отырып, дәл және сенімді нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.