
Ата заң күніне орай, Маңғыстау облысы прокуратурасында бірнеше қызметкер мен әр жылдары еңбек еткен ардагерлерді марапаттау өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
Жиналғандарды арнайы құттықтаған облыстың бас прокуроры Руфат Құттықов алдымен Ата заңның рөлі мен оның орындалуын қадағалауда прокуратура қызметкерлерінің рөлін ерекше атап өтті.
- Баршаңызды келіп жеткен айтулы мерекемен құттықтаймын. Прокуратура ардагерлері жас мамандар үшін бағыт-бағдар, ақылшы. Жас мамандардың сіздерден үйренері көп, сондықтан арадағы байланыс ешқашан үзілмейді. Сіздердің мол тәжірибелеріңіз оларға қажет, еткен еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер. Қазақстанның құқық жүйесінің тарихында прокуратура органдары еліміздің құқық қорғау жүйесінің ұйытқысы болып танылады, - деді облыс прокуроры.
Жиын соңында бірнеше қызметкерлер мінсіз қызметі үшін, ал сала ардагерлерлері прокуратура ардагері медальдарына ие болды.