Ақтауда қаланың жоғарғы аймағына берілетін ауыз судың қысымы қалыпты жағдайдың 70 пайызына көтерілді. Ал қаланың төменгі аймағына су беру үшін ОСЖТ-3 резервуарлары суға толтырылып жатыр, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Бұл шаралар су құбырлары жарылмас үшін біртіндеп жүзеге асырылады.
«Қаланың жоғарғы аймағына ауыз су беру режимі сағат 17.00-ге дейін тұрақталады. Бұл аймаққа Ақтау қаласының 9,10,11,12,13,14,15 шағын аудандары; 16 шағын ауданның 40 және 41 үйлері, "Абырой", "Несібе", "УайтХаус", "Отпан тауэрс" тұрғын үй кешендері; сондай-ақ 17 шағын ауданның "Дукат-1д", "Жанболат" ТК, 24,26,27,28,29, 29а, Толқын-1, Толқын-2 шағын аудандары кіреді.
Ал қаланың төменгі аймағына ауыз су беру режимі сағат 19.00-ге дейін тұрақталады. Бұған қаламыздың 1,2,3,4,5,6,7,8,21, 22,23,25 шағын аудандары кіреді», деп хабарлады «МАЭК» ЖШС.
Мекеме келтірілген уақытша қолайсыздықтар үшін тұрғындардан кешірім сұрады.