KMF компаниясы KMF-Демеу қорымен бірлесе, KMF-тің іскер ханымдарына арналған байқауына қатысуға өтініш қабылдау басталғанын хабарлайды! Өтінішті 20 шілдеге дейін сайт арқылы беруге болады - https://kmfiskerhanymy.kz/kz/premium2023/
Бұл байқауға еліміздің түкпір-түкпіріндегі кәсіпкер әйелдер қатыса алады, ал Қазақстан мен Германия елдерінің өкілдерінен құрылған әділ қазылар алқасы үздіктердің үздігін анықтайды!
Биыл компания бес номинация жариялады, жеңімпаздар тұрмыстық техника сатып алуға арналған 500 000 теңгеге сертификат алады:
• Агро-бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін
• Бизнесті дамытуға қосқан үлесі үшін
• Әлеуметтік бизнес
• ШОБ-ты дамытуға қосқан үлесі үшін
• Әділ қазылардан арнайы сыйлық
Сонымен қатар, KMF Isker Hanymy-2023 байқауының басты жеңімпазына1 миллион теңгеге сертификат табысталады. Әділ қазылардан да қосымша номинациялар қарастырылған. Салтанатты рәсімдеу шарасы қазан айында Алматы қаласында өтеді.
KMF Isker Hanymy – KMF пен KMF-Демеу жылда өткізетін байқау. Бұл шара бизнестегі әйелдерге өз жетістіктерін паш етіп, өзге іскер әйелдермен тәжірибе алмасуға мүмкіндік береді. Айта кетейік, KMF 25 жылдан бері әйелдер кәсіпкерлігіне қолдау білдіріп келеді. Компания микро және шағын бизнесті дамытуға және әйелдердің мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған қол жетімді қаржыландыруды ұсынады. Компания өткен жылы 125 мың іскер әйелді қаржыландырған, олардың басым бөлігі өңірлер мен ауылдық жердегі кәсіпкерлер. Жыл сайын KMF Isker Hanymy байқауына үш мыңға жуық әйел қатысады. Өткен жылы байқаудың қалай өткені туралы мына жерден оқуға болады.