Варшавадағы қазақтар Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін атап өтті, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Кешке Польшадағы Қазақстан елшілігі өкілдері, Варшава мен Вистула университеті, Польшадағы Қазақстан мен Польша сауда және экономика саласының өкілдері, Еуропадағы қазақ кәсіпкерлерінің өкілдері т.б қатысты.
Шетелде жүрген қандастар ұлттық киімдерін киіп сәнденіп, қазақтың ұлттық тағамдарынан дастархан жайды. Мерекеде ұлттық ойындар ойнатылып, қызу думанды той болды.
Қазіргі таңда академиялық ұтқырлық бойынша Польшаның университеттерінің бірінде оқып жүрген Жұбанов университетінің студенті, ақтаулық Нұралхан Сарсенбай өзінің жылы лебізін білдірді.
“Бүгінге мерекеде ұлттық өнерлерімізді көрсетіп, ұлттық ойындарымызды ойнағанда өзімізді елімізде жүргендей сезіндік. Осылайша туған жерге деген сағынышымызды басып бір марқайып қалдық”, деді ол.
Сонымен қатар, Польшадағы қазақ кәсіпкерлерінің қаржыландыруымен еліміздің өнер жұлдыздары Нұрлан Еспанов, Асхан Тарғын , Жігер Ауыпбаев, Нұрсұлтан Нұрберденов ерекше концерт қойды.