Алматы облысының прокуратурасы Талғар ауданындағы мектеп есепшісінің жалақыға арналған бюджет қаражатын ұрлағанын анықтады, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
"Бұл құқық бұзушылық мектепте жұмыс істемейтін қызметкерлер мен олардың туыстарына ақша аудару арқылы жасалған. Алдын ала келтірілген шығын 90 миллион теңгеден асады. Келтірілген шығынды есептеу жұмысы жалғасып жатыр.
Аталған факт бойынша облыс прокуратурасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодекстің 189 бабы 2-бөлігі 4-тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Тергеу ақпараттары Алматы облысы бойынша Экономикалық тергеу департаментіне жолданды", - делінген хабарламада.
Дәл осыған ұқсас жағдай Еңбекшіқазақ ауданында да анықталып, тергеу қорытындысы бойынша мектеп есепшісі 10 миллион теңгеден астам шығынды өтеген.