"Компас" қоры мен Дағыстан мемлекеттік университеті Каспий итбалықтарын сақтау бағдарламасын кеңейтіп жатыр. Итбалықтың өлексесін жаппай шығару және популяциясының динамикасы Каспий теңізі эндемиктерінің болашағын алаңдатып отыр, - деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты «Прозрачный мир на Каспии» телеграм-каналына сілтеме жасап.
Қор мен университеттің мәліметінше, жануарлар өлімінің негізгі себебі - ауыр металдармен (кобальт, қорғасын, сынап және кадмий) созылмалы улануы.
Каспий итбалығын сақтау бағдарламасына теңізімен шектескен бес елдің қатысады деп жоспарланған. Жұмыс үш бағытта жүреді: Каспий итбалығының қырылу себептерін зерттеу, популяция мониторингі және жергілікті тұрғындарды экологиялық ағарту.
«Итбалық популяциясын сақтау үшін ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды құрсақ, қалай? Балық аулауды арттыру жоспарымен не істеу керек, қорекпен қамтамасыз етуде қиындықтар тудыруы мүмкін бе? Ал су түбін тереңдету және Каспийдің солтүстік бөлігінде теңіз көлігінің қарқынды өсуінің әсері қандай? Теңіз деңгейінің тез төмендеуі және құбылмалы климат жағдайында Каспий итбалығын сақтап қалу үшін не істеу керек?», - деген сұрақтар қойылған Telegram арнасында.