2023 жылы Қазақстанда электр қуатының импорты айтарлықтай өсті. Импортталған энергия реэкспортқа емес, ішкі нарықтың қажеттілігіне жұмсалуда, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты orda.kz сайтына сілтеме жасап.
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылдың қаңтар-қараша айларында Қазақстанда 102,4 млрд кВт/сағ өндіріліп, 17,8 млрд кВт/сағт электр энергиясы импортталған. Егер өндіріс пен экспорт 2022 жылдың 11 айымен салыстырғанда бірдей деңгейде сақталса, импорт бес еседен астам өсті.
2023 жылдың 11 айында электр энергиясын өндіру үлесі 85,1%, ал импорт 14,9% құрады. Бір жыл бұрын бұл көрсеткіштер 97,5% және 2,5% болды.
Электр энергиясын импорттау 5,3 есеге өсті. Бұл ретте барлық импортталған энергия көлемі Қырғызстаннан (13,5 млрд кВт/сағ) және Ресейден (4,3 млрд кВт/сағ) келді.
Бұл ретте оңтүстік көршіге 422,4 мың доллар, солтүстік көршіге 213,9 миллион доллар төленді. Ал Ресейден сатып алынған энергия көлемі 2,6 есеге өссе, Қырғызстаннан 7,9 есеге өсті.
«Ведомости» басылымы ресейлік энергетиктердің Қазақстанға электр энергиясы экспортын одан әрі арттыруға ниетті екенін хабарлады. Бұл оларға бұрын Еуропа елдеріне жеткізілген және қазір осы елдің нарығына жабылған көлемдерді қайта бағыттауға мүмкіндік береді.