"Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 22 ақпандағы № 196 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Қаржы министрінің 2023 жылғы 6 маусымдағы № 621 Бұйрығымен сүзгісіз 20 темекіге және қыздырылатын темекісі бар бұйымдарға ең төменгі бөлшек баға белгіленді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңа баға-710 теңге 2023 жылғы 1 шілдеден бастап 2023 жылғы 31 желтоқсанды қоса алғанға дейін қолданылады.
2024 жылғы 1 қаңтардан бастап құны 770 теңгеге дейін көтеріледі. Қазіргі уақытта темекі өнімдерінің ең төменгі бөлшек бағасы 650 теңгені құрап отыр.