Маңғыстау мен тағы 10 өңірде мәслихаттан шығып қалған депутаттардың орнына сайлау басталды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Дауыс беру Маңғыстау, Алматы, Абай, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өтеді.
Барлығы екі облыстық, жеті қалалық, 12 аудандық депутаттар сайланбақ.
Конституция мен заңнамаға сәйкес, 20 жасқа толған Қазақстан азаматы мәслихат депутаты бола алады.
Орталық сайлау комиссиясы бекіткен күнтізбелік жоспарға сәйкес, мәслихаттар депутаттығына кандидаттарды ұсыну 30 тамызда басталып, 28 қыркүйек сағат 18:00-ге дейін жалғасты. Үміткерлерді тіркеу 3 қазан күні сағат 18:00-ге дейін жүргізілді.