ТЖМ хабарлағандай, Атырау облысы Құрманғазы орман шаруашылығы аумағында бір аптаға созылған өртті 60-қа жуық адам сөндіруде, деп хабарлайды сайт mangystaumedia.kz informburo.kz сілтеме жасай отырып.
2 наурызда Құрманғазы ауылынан 40 шақырым жерде қамыс өртенген болатын. Бастапқыда 100 га.жер аумағы жанды деп хабарланған еді ,соңғы мәліметтер бойынша өрт 2500 га жерді шарпыған.
Өртті сөндіру үшін Атырау облысында ТЖД, Құрманғазы орман шаруашылығынан 37 адам, бір техника, төрт мотопомпа, үш моторлы қайық жұмылдырылған.
"Қол жетпейтін батпақты жерлерде 148 га алқапта қамыс шіріп жатыр", – деп хабарлады ТЖМ.