Қазгидромет 16-18 қаңтарға арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қазақстанның көптеген облыстарында ауқымды антициклон себебімен ашық аязды ауа-райы болады. Тек елдің батысы мен оңтүстік-шығысында тұрақсыз ауа-райы күтіледі, қар түрінде жауын-шашын болады, жел мен бұрқасын күшейеді.
Негізгі температуралық фон солтүстікте, шығыста және орталықта түнде 25-33, күндіз 15-23 аяз, оңтүстікте және оңтүстік-шығыста түнде 5-15, күндіз 2-7 аяз, ал батыста түнде 8-18 аязға дейін, күндіз 3-15 аязға дейін жетеді, делінген хабарламада.