Келесі жылдан бастап Қазақстандағы станцияларды күрделі жөндеуден өткізу үшін электр энергиясының тарифі өсуі мүмкін. Бұл туралы Ашық НҚА порталында жарияланған энергетика министрінің бұйрық-жобасында көрсетілген, деп хабарлайды mangystaumedia.kz сайты.
Құжатта 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге болады деп көрсетілген.
- 2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 теңге (қазір 590 мың теңге), 2025 жылы 1215 теңге/МВт болуы тиіс. Бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді,- делінген құжатта.
Айта кетейік, бұйрық 22 қыркүйекке дейін көпшілік талқылауда болмақ.