Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Мейіржан Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы берілді, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
М.Қ. Аймановқа «Халық қаһарманы» атағын беру туралы
1. Қазақстан Республикасына сіңірген аса үздік еңбегі, қызметтік борышын атқаруда көрсеткен ержүректігі мен жанқиярлығы үшін Жамбыл облысы төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары Мейіржан Қақпасынұлы Аймановқа «Халық қаһарманы» атағы беріліп, айрықша ерекшелік белгісі – Алтын жұлдыз бен «Отан» ордені тапсырылсын (марқұм).
2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев
Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2021 жылғы 29 тамыз № 646