Денсаулық сақтау вице-министрі Людмила Бюрабекова коронавирус бойынша мәліметтердің ала-құла таралу себебі түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Иә, мұндай жағдайлар кездеседі. Себебі аймақтық деңгейдегі комиссиялардың өлім-жітімге қатысты мәліметтері біздің өлім-жітім жайлы жариялаған ақпаратымыздан кейін келіп жатады. Мұндай комиссия хаттаманы жеткізгеннен кейін ғана біз өлім жағдайы тіркелгені жайлы ақпарат таратамыз. Аймақтағы мәліметтер Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінен сәл жаңарақ болуы мүмкін», деді Людмила Бюрабекова ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.