Каспий акваториясында 34 браконьерлік фактінің алды алынды, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Сонымен қатар, ҰҚК Шекара қызметі маусым айында мына заттарды тәркіледі:
18 дана жүзу құралдары;
жалпы ұзындығы 32,5 км торды құрайтын браконьерлік аулау құралдары;
20 дана (71,3 кг) бекіре тұқымдас балықтар;
12 905 дана (24 896 кг) таза тұқымдас балықтар;
47 дана суда жүзетін тасбақалар;
9 дана суда жүзетін құстар;
1 дана каспий итбалығы бар.
«Алды алынған залал сомасы 147 млн теңгені құрайды. Бұл фактілер бойынша материалдар бұзушыларды жауапкершілікке тарту үшін құқық қорғау және сот органдарына жіберілді», деп жазылған хабарламада.