Еліміздің төтенше жағдайлар министрлігінің өнеркәсіптік қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мамандары тұрғындарға газды тұтынуда оқыс жағдайдың алдын алу үшін бірқатар нұсқамалар туралы ескертіп отыр. Жылу маусымы басталған соң өнеркәсіптік қауіпсіздік дартаментінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Нұрқожа Әбубәкіров mangystaumedia.kz радакциясында қонақта болып, газ қауіпсіздігі туралы бірқатар ескертпелерді қаперге салды.
Сұйытылған газ баллондарын абайлап қолдану керек. Ол үшін:
- күннен немесе өзге де жылудың әсерімен пайдалануға;
- ашық алаңдарда және тұрғын үйлердің, ауылдық жерлердің елді мекендерінде, азаматтардың бақ, бақша мен саяжайлар коммерциялық емес бірлестіктерде, өндірістік емес мақсаттағы қоғамдық ғимараттардың аумақтарындағы аулаларда қалдыруға;
- жертөле үй-жайларында сақтауға;
Мына:
1) белгіленген куәландыру мерзімі өтіп кеткен;
2) кеуекті салмағын тексеру мерзімі өтіп кеткен;
3) баллон корпусы зақымдалған;
4) вентильдері жарамсыз;
5) тиесілі бояуы немесе жазуы жоқ;
6) атмосфераның кемінде 0,5 газ қалдық қысымы жоқ;
7) белгіленген таңбасы болмағанда баллондарға газ толтыруға
Баллонды қолдануда тыйым салынатын жайттар:
- Сұйытылған мұнай газымен баллондарын:
1) тұрғын үй бөлмелері мен дәліздерде; 2) іргелік және жертөле үй-жайлар мен шатырларда; 3) қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының асханалық және сауда залдарының, аудиториялар мен оқу сыныптарының, ғимараттардың көрермен (акт) залдарының, аурухана палаталарының, басқа да осыған ұқсас үй-жайлардың астында және үстінде орналасқан үй-жайларда; 4) табиғи жарықсыз үй-жайларда; 5) авариялық шығатын жерлерде; 6) ғимараттың басты қасбеттері жағынан орнатуға жол берілмейді.
Улы газет деген не және ол неге қауіпті?
СО2 немесе көміртегі тотығы – бұл оттегінің жеткіліксіз болуына байланысты тұрмыстық газдың толық жанбауы нәтижесінде пайда болатын улы газ.
Улы газды жиі «тілсіз жау» деп атайды. Өйткені, оны көру мүмкін емес және иісі жоқ. Адам көмірқышқыл газын сезе алмайды. Улы газбен улануға үш тыныс жеткілікті. Қанға еніп, көміртегі тотығы гемоглобиннің ағзаға оттегін тасымалдау қабілетін тежейді. Адам уланудан қайтыс болады.
Ауадағы улы газдың концентрациясы 0,1% мөлшерінде бір сағат ішінде, 0,5% деңгейінде - 20 минуттан кейін өлімге әкеледі..
Улы газбен уланудан болатын қайғылы салдардың алдын алу үшін келесі қарапайым ережелерді сақтаңыз:
- үйді (пәтерді, бау-бақша үйін) өз бетімен газдандыруға, газ аспаптары мен тиек арматурасын қайта орнатуға, ауыстыруға және жөндеуге қатаң тыйым салынады – мұндай жұмыстарды тек білікті мамандар ғана дұрыс және барлық нормалар мен ережелерге сәйкес жүргізе алады;
- жанып жатқан пешті қараусыз немесе балалардың қамқорлығына қалдыру өте қауіпті;
- қыс мегзілінде жеке үйлердегі мұржаның қатып қалуын жай-күйін жою үшін оны оқшаулау қажет;
Газ тұтыну жүйелерінің және газ жабдығының иелері олардың тиісті техникалық жай-күйін және қауіпсіздігін қамтамасыз етуге міндетті.
Өнеркәсіптік тұтынушылар, өнеркәсіптік тұтынушы-инвесторлар және электр станцияларының тізбесіне енгізілген тұтынушылар өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсету үшін білікті персонал, сондай-ақ газ тұтыну жүйелерінің қауіпсіз жұмысына жауапты адам ұстауға не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған мамандандырылған ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылар тауарлық немесе сұйытылған мұнай газын беруді жүзеге асыратын газ тарату немесе газ желісі ұйымымен не газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуді жүзеге асыратын, Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамасына сәйкес өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы жұмыстарды жүргізу құқығына аттестатталған, мамандандырылған тәуелсіз ұйыммен өздеріне тиесілі газ тұтыну жүйелеріне техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасасуға міндетті.
Коммуналдық-тұрмыстық және тұрмыстық тұтынушылардың газ тұтыну жүйелеріне және газ жабдығына техникалық қызмет көрсетуге арналған шарт жасаспай, оларды пайдалануға тыйым салынады.
Газ тұтыну жабдықтарын пайдалану кезінде газдан ажырату автоматикасымен табиғи және тұншықтырғыш газдың шығуын сезетін сигнал берушілерді орнатыңыздар.