Ақтау қаласында 15 қараша күні сағат 11.00-де «Достық үйінде», «АРМАНДА» халықаралық білім бизнес-форумы өтеді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz
«АРМАНДА» — қоғам қайраткерлерін, меценаттарды және барлық мүделлі қазақстандықтарды біріктіретін форум.
Форум өз мақсатымен қазақстандық қоғам үшін ең өзекті тақырыптар: білім беру, отбасылық құндылықтарды сақтау, жастардың рухани және әлеуметтік дамуы бойынша салауатты пікірталас алаңын құруды көздейді.
Ақтау қаласында өтетін форумға танымал медиа тұлғалар қатысады:
Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, бизнесмен, психология ғылымының кандидаты, медиа-менеджер, тележүргізуші мен қоғам қайраткері – Арман Давлетяров.
Әйгілі айтыскер ақын, тележүргізуші, «Сөз менеджменті» кітабының авторы – Жандарбек Бұлғақов.
Қазақстанға танымал еркін күресші, 2000 жылғы XXVII жазғы Олимпиядалық ойындарының күміс жүлдегері, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, «Парасат» және ІІІ дәрежелі «Барыс» ордендерінің иегері – Ислам Байрамуков.
«АРМАНДА» білім бизнес-форумы тек арман туралы ғана емес, ол білім, мақсат, әрекет, қозғалыс, қуат, еңбек және нәтиже туралы шара болмақ.