Бейнеу ауданының әкіміне кандидат Шалбаев Рахымжан Ысқақұлының жақтастары мәдениет қызметкерлерімен кездесті. Кездесу барысында кандидаттың сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, жаңа бастамаларын атап өтті.
«Алдағы бес жылда аудандағы мәдениет обьектілеріне жөндеу жүргізіліп, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылатын болады және жаңадан заманауи үлгідегі кітапхана салынады» дейді аудан әкіміне кандидат Шалбаев Рахымжан Ысқақұлының сенім білдірген өкілі Тұралы Жолышов.
Өз кезегінде мәдениет қызметкерлері Рахымжан Ысқақұлын қолдайтындарын айтып, бағдарламада аудан дамуының басым бағыттары қарастырылғанын айтты.
Қаржысы жергілікті бюджет қаражатынан төленді