Бейнеу ауданының әкіміне кандидат Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы және сенім білдірген өкілдері Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлы, Азанов Шайхы Жаңбайұлы Бейнеу ауданы әкімдігінің шаруашылық жүргізу құқығындағы «Бейнеу су сервис» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнының қызметкерлерімен кездесті.
Кездесу барысында Рахымжан Ысқақұлын қолдау жөніндегі ұйымдастыру комитетінің төрағасы Бейнеубек Көңілімқосұлы аудан әкіміне кандидатты кеңінен таныстырып, еңбек жолдары туралы және науқан жөнінде айтып өтті.
Содан кейін, Рахымжан Ысқақұлы сайлауалды бағдарламаны таныстырып, алдағы уақытқа арналған жоспарларын айтты.
Өз кезегінде кәсіпорын қызметкерлері өз ұсыныстарын айтып, сұрақтарын қойды. Барлық сұрақтар қамтылып, жауаптары берілді және айтылған ұсыныстары қаперге алынып, жұмыс жоспарына қосылды.
Қаржысы жергілікті бюджет қаражатынан төленді