7 сәуір күні компания басшысының шешімімен Атырау облысының Құлсары қаласына инженер-техникалық құрам мамандарынан құралған 30-ға тарта жұмыскер мен қажетті құрал-жабдықтар тиелген 20 арнаулы техника көмекке аттанған, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Жаңаөзендік мұнайшылар Құлсары, Жылыой елді мекендерінде бөгет салу, су арнасын бұру секілді жұмыстарға ат салысып жатыр. Күн демей, түн демей жергілікті тұрғындармен бірге мекенді аман алып қалу жолында жұмыстануда.
Автобустар, техника таситын тралл, жанармай көлігі, трактор және жүк көлігі бөлінді. Көмекке алғаш аттанған топты алмастыру үшін Қоғамға қарасты №3 СҚКБ-нан 7 жұмыскер, 2 Трал, 1 УДС, ТТБ-нан 3 жұмыскер, БЖБ-нан 7 жұмыскер және ХжЭБ-нан 7 жұмыскер, барлығы 21 қызметкер жолға шықты.
Топқа транспорт департаменті директорының орынбасары Сапар Өскенов жауапты болды. Жұмысшыларды Транспорт департаментінің бөлім бастығы Марқабай Дуйсенбаев шығарып салды.