Ақтауда ақауларға байланысты кейбір шағын аудандар ауыз су мен техникалық су уақытша шектелді, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
«Каспий жылу, су арнасы» МКК мәліметіне сәйкес, 8 шілде күні мына шағын аудандарда ауыз су мен техникалық су уақытша өшірілді:
- 4-шағын аудандағы ақауға байланысты №56 үйде ауыз су уақытша шектелді. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру аяқталатын уақыт 15:00.
- 27-шағын аудандағы ақауға байланысты №15 үйде ауыз су уақытша шектелді. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру аяқталатын уақыт 14:00.
- 2-шағын аудан №14 үй маңындағы ақауға байланысты №13, 14, 15, 16 үйде ауыз су уақытша өшірілді. Сумен жабдықтауды қалпына келтіру аяқталатын уақыт 17:00.
- Құбырдағы ақауға байланысты 1-шағын аудан №24-30 үйде, «Sofie Med Group» медициналық орталығында техникалық су уақытша шектелді.
«АЭЖБ» МКК мәліметіне сәйкес, 8 шілде күні қалада жоспарлы электр қуатын өшіру жоспарланбаған. Жарық өшкен жағдайда қала тұрғындары 57-12-08 телефоны арқылы хабарласа алады.
«Каспий жылу, су арнасы» МКК жедел-диспетчерлік қызметі: 60-53-18 және 60-53-16.