Ақтауда кеше, 7 шілде күні ТЖД-не «Солдатский пляжда» ер адамның суға батып кеткені туралы ақпарат түскен, деп хабарлайды mangystaumedia.kz.
Қайғылы оқиға түнгі сағат 22:00 шамасында болған.
Төтенше жағдайлар департаментінен іздестіру жұмыстарына барлығы 21 қызметкер, 6 техника 1 дрон жұмылдырылды.
«8 шілде күні таңғы сағат 06:17-де құтқарушылар 1999 жылы туған азаматтың денесін тапты», деп хабарлады МО ТЖД баспасөз қызметі.