«E-SalyqBusiness» мобильді қосымшасы бірқатар салық рәсімдерін жеңілдетті, атап айтқанда:
1) Жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге;
2) Кассалық чектің орнына мобильді қосымшаның чегін беруге;
3) Қосымшада берілген чектер негізінде кәсіпкердің кіріс есебін жүргізуге;
4) Салықтар мен әлеуметтік төлемдерді автоматты түрде, есептеуге;
5) Жалдамалы қызметкерлердің және олардың табыстарының есебін жүргізуге;
6) Оңайлатылған декларацияны тапсыруға (910.00 СЕН);
7) Кәсіпкерлік қызметті оңайлатылған тәртіпте тоқтатуға мүмкіндік береді.
Бұл тегін қосымшаны App Store, Play Market және App Gallery-ден жүктеуге болады.
«Е-salyq Business» қосымшасын жүктеп, смартфон арқылы есепті жүргізуге болады!
e-Salyq Azamat мобильдік қосымшасы азаматтарға дайын деректемелер бойынша төлем жүргізу мүмкіндігімен бір мезгілде оны төлеу мерзімі басталғанға дейін алдағы салық сомасын (мүлік, жер және көлік) білуге мүмкіндік береді, сонымен бірге салық берешегін білуге, өздігінен калькуляторды пайдалана отырып көлік салығын есептеуге, БЖТ-ді төлеуге, декларацияны тапсыруға болады.
Бұл тегін қосымшаны App Store және Play Market-тен жүктеуге болады.
«Е-salyq Azamat» қосымшасын жүктеп, көлік, мүлік және жер салықтары бойынша өз салығынды біл. Үйден шықпай салықты төлеңіз!
Чат- бот @SalyqBot салық кеңесшісі арқылы салық және кеден заңнамасы бойынша жиі қойылатын сұрақтарға тез арада жауап алуға мүмкіндік береді, сонымен қатар салық берешегінің болуы немесе болмауы туралы ақпаратты алуға, көлік құралына салығын есептеуге, сұрақтар қоюға, өзекті тақырыптар мен мәселелер туралы бейнесабақтармен, нұсқаулықтармен танысуға мүмкіндігі бар.
@SalyqBot сілтемесі бойынша Чат- бот Telegram-да тіркелуге болады.
@SalyqBot телеграмм чат-бот арқылы қарызыңды біл және салық бойынша сұрақ жолда!
Ақтау қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер басқармасы келесіні хабарлайды:
15 тамызда 200.00 нысандағы (Жеке табыс салығы және әлеуметтік салық бойынша декларация), 300.00 нысандағы (қосылған құн салығы бойынша декларация), 910.00 нысандағы (шағын бизнес субъектілері үшін оңайлатылған декларация) СЕН тапсыру мерзімі өтетінін хабарлайды. Алдын-ала тапсыру сұралады.