13 қазан күні Ақжігіт ауылындағы мәдениет үйінде ауыл тұрғындарымен кездесу өтті.
Сайлауалды бағдарламаны түсіндіріп, жалпы аудан, ауыл болашағын талқылап, жоба-жоспарларымен таныстырды.
Аудандық қоғамдық штаб төрағасы Бейнеубек Көңілімқосұлы осы күнге дейін аудан көлемінде атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндап берді. Сондай-ақ Рахымжан Шалбаевтың еңбек өтіліне және бірлесіп жеткен қызметтегі жетістіктері жөнінде тоқталып өтті.
Штаб мүшесі Сәрсен Қадір және Азанов Шайхы сайлау науқанына ауызбіршілікпен қатысуға шақырып, жиналғандарға жалынды сөздерін арнады.
Білім саласының ардагері Азанов Әлімбай ақсақал барлық ауыл тұрғындардың атынан сәттілік тілеп, қолдау лебізін білдірді.
Сайлауалды бағдарламада:
Ақжігіт ауылына тұрмыстық қатты қалдықтар жинайтын полигон салу және де тұрғындардың сұрауы бойынша жаңа спорт залын салу жоспарланған.
Жолышов Тұралы Ботақараұлы
«AMANAT» партиясы Бейнеу аудандық филиалының төрағасы
Қаржысы жергілікті бюджет қаражатынан төленді