13 қазан күні «AMANAT» партиясының атынан Бейнеу ауданының әкіміне кандидат Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы «Ұстаздар үйінде» ауданның ұстаздар қауымымен және ауылдың белсенді жастарымен кездесті. Кездесу барысында сайлауалды бағдарламадағы білім беру саласына және жастарды қолдауға қатысты жоспарларын таныстырды.
Кездесуге Шалбаев Рахымжан Ысқақұлының сенім білдірген өкілдері Әбілов Бейнеубек Көңілімқосұлы, Қадір Сарсен, Жолдасбаев Берік, Азанов Шайхы және білім беру саласының өкілдері мен жастар қатысты.
«Білім сапасын арттыру бағытында соңғы жылдары біраз жұмыстар жасалды. Оған өздеріңіз куәсіздер. Алайда болашақ жастарымыздың мықты әрі жан-жақты азамат болып қалыптасуы үшін білім саласын жетілдіру жұмыстары ешуақытта тоқтамауы керек. Бұл менің басты назарымда болатын жұмыстар» - деді Шалбаев Рахымжан Ысқақұлы.
Сайлауалды бағдарламадағы білім сапасын арттыру бойынша:
«Жайлы мектеп» жобасы аясында Бейнеу ауылындағы 600 орындық және Сам ауылында 300 орындық мектептер құрылысының сапалы және уақытылы аяқталуын назарда ұстау;
Боранқұл,Төлеп және Есет ауылдарында жаңа мектеп құрылысын салынуына жұмыстану;
Бейнеу ауылындағы политехникалық және гуманитарлық колледждері үшін жаңа ғимарат пен жатақхана құрылысын салу;
Аудан көлемінде педагог-шебер және педогог-зерттеуші санатындағы педагог кадрлардың үлесін арттыру, мектептерді жоғары жылдамдықты интернет желісіне қосу, жаңа компьютерлермен, химия, биология, физика пәндерінің кабинеттерімен кезең-кезеңімен жарақтандыру;
Жиын соңында ауыл шаруашылығы саласының ардагері Хибасов Сахи ақсақал жиналғандарға жақсы лебізін арнап, батасын берді.
Жолышов Тұралы Ботақараұлы
«AMANAT» партиясы Бейнеу аудандық филиалының төрағасы
Қаржысы жергілікті бюджет қаражатынан төленді