Парламент Мәжілісінің депутаттағына Маңғыстау облысынан бір мандаттық округ бойынша түсіп жатқан Абылай Бекқажы өңірде үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырып жатыр. Ақшымырау ауылында туып, Сайында түлеген ол білімін Алматының Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің тарих факультетінде жалғастырды. Педагогика ғылымдарының магистрі. Қазіргі таңда Ақшұқыр мектеп-лицейінде тарих пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп жүр.
Депутаттыққа ең жас үміткер болашақта Қазақстанның еркін, бай-қуатты жастарына қолдау көрсеткенін қалайды. Ол өзінің сайлауалды бағдарламасында өзі көріп жүрген қарапайым ортадағы қоғам мәселелерін қозғап келеді.
“Болам деген баланың белін буған" қазақтың ұрпағымыз. Бүгін өз орталарыңнан шыққан ұлдарыңызды қолдауға шақырамыз. Келіңіздер, ой бөлісіңіздер, қолдау жасаңыздар!, - деді ол сайлаушылармен кездесу барысында.
Абылай Бекқажының сайлауалды бағдарламасында көптеген мәселелер қамтылған. Оның ішінде:
1.Мектептерде білім сапасын көтеру үшін жағдай жасау;
2.Бай, еркін халық болуға қолдау көрсету;
3.Белсенді жастар қоғамын құру;
4.Экологиялық мәселелерді көтеру;
5.Мектептердегі «Ерекше білімді қажет ететін» балаларға жағдай жасау;
6. Денсаулық саласының мәселелеріне үн қосу.
Болашақ халық қалаулысының негізгі ұстанымы білімді ұрпақ тәрбиелеу, бай, еркін халықты қалыптастыру, белсенді жастарды қолдауға бағытталған. Ол білімді ұрпақ тәрбиелеу – мектептерде білім сапасын көтеруді көксейді. Сонымен бірге, елімізде мектеп санын көбейту, сынып оқушыларының санын азайтып, сапалы білім алуға мүмкіндік ашуды көздейді. Мектептерді 1-ауысымға ауыстырып, 2-ауысымда әр түрлі үйірмелерге мүмкіндік беруді айтып жүр. Сонымен қатар, техникалық базамен барлық мектептерді қамтамасыз ету, ең төменгі жүктемемен мұғалімдердің жалақысын көтеруді маңызды міндеті деп біледі.
- Бай халық болу – халықтың әлеуметтік жағдайын көтеру. Жас кәсіпкер, кәсіп бастаймын деген халықты қолдау. Ауыл шаруашылығын дамыту үшін қолдау бағдарламаларын жеңілдету. Тұрғын үй алу жағдайын жеңілдету. Халыққа берілетін несиелердің пайыздық мөлшерін азайтуды қолдау. Сонымен бірге зейнет жасын қысқартуға ықпал ету. Еркін халық – халық еркіндігіне қолдау көрсету. Ханға да, қараға да өз ойын еркін жеткізген дана халқымыздың салтын ұстану. Ортада ашық қоғам құруға ұмтылдыру секілді қағидаттарды жүзеге асыруға барымды саламын, - дейді А.Бекқажы.
Мәжіліс депутаттығына үміткер атанған жерлесіміз белсенді жастар - еліміздің жарқын болашағы екеніне кәміл сенеді. Жастарға арналған оңтайлы бағдарлама құру арқылы білімге бет бұрған ұрпақты қолдау кезек күттірмейтін мәселе деп біледі. Сонымен қатар, оқу бітірген жастарға үй алуға, жұмысқа кіруге, кәсіп ашуға жеңілдіктер ұсынуды осыған дейінгі сайлаушылармен кездесу бірнеше рет талқылап үлгерді.
А. Бекқажының сайлау қорының қаражатынан төленді